«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының exit poll деректерін жариялады

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының exit poll деректерін жариялады

Ғылыми-зерттеу қауымдастығы «Zakon.kz» және «Информбюро» республикалық интернет-ресурстары, сондай-ақ «КТК» және «31 арна» құрған консорциумның тапсырысы бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелерімен «Сайлау-2023» онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында жоба директоры Татьяна Башарина таныстырды.

«19 наурызда «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы сайлау учаскелерінен шығуда exit poll - сауалнама жүргізді. Күні бойы интервьюерлер ел бойынша 300 сайлау учаскесінде жұмыс істеді. Сауалнама республикалық және облыстық маңызы бар барлық қалаларды, бірқатар шағын қаланы, ірі және халқы аз ауылдарды қамтыды. Зерттеуге 12 мың адам қатысты. Алынған нәтижелердің қателігі 1,1% құрайды. Сайлау учаскелерінен шыққан кезде респонденттерге «Парламент Мәжілісінде қай партияға дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойылды», - деді спикер.

Exit poll қорытындысы мынадай: «Amanat» партиясы - 55,33%; «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 11,26%; «Respublica» партиясы - 8,33%; Қазақстан Халық партиясы - 6,93%; Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 2,51%; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 8,87%; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,12%.

Респонденттердің 3,65%-ы бәріне қарсы дауыс берді.

Exit poll мәліметтері бойынша сайлауға қатысқандардың саны - 54,83%.