Азаматтардың өтініштері конституциялық іс жүргізуге қабылданды

Азаматтардың өтініштері конституциялық іс жүргізуге қабылданды
Төраға Эльвира Әзімованың төрағалығымен Конституциялық Соттың азаматтардың өтініштерін конституциялық іс жүргізуге қабылдау жөніндегі отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ҚС Telegram-арнасы.
Конституциялық Соттың күн тәртібінде Салық кодексінің, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның нормаларының, сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодекстің ережелерінің Конституцияға сәйкестігі мәселелеріне қатысты азаматтардың 3 өтініші қаралды.
Осы өтініштерді талқылау барысында Конституциялық Сот судьялары бірауыздан дауыс беріп, оларды конституциялық іс жүргізуге қабылдау туралы шешім қабылданды.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңға сәйкес материалдарды дайындау жұмыстары басталды.https://ortcom.kz/kk/novosti/1674722206