АМӨЗ 2025 жылға дейін атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын 25%-ға дейін қысқарту бойынша міндеттемелер алды

АМӨЗ 2025 жылға дейін атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын 25%-ға дейін қысқарту бойынша міндеттемелер алды
Атырау мұнай өңдеу зауыты Атырау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Кәсіпорынның қала ауасының ластануына қосқан үлесі 46% құрайды, ал қала бойынша шығарындылар саны 23 мың тонна. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов хабарлады.
Кәсіпорын эмиссиялар нормативтерінің 5,6%-ға қысқаруын ескере отырып, 2023 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссияларға экологиялық рұқсат алды. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына сәйкес кәсіпорын 2025 жылға дейін атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын 25%-ға дейін қысқарту және 15 мың тонна көрсеткішіне қол жеткізу бойынша міндеттемелер алды.
«Атырау облысы бойынша экология департаменті соңғы үш жылда компанияға қатысты 11 тексеру жүргізді, оның 4-еуі осы жылы ғана жүргізілді. Бақылау барысында анықталған негізгі бұзушылықтар болып шекті рұқсат етілген шығарындылардың белгіленген нормативтерінен асып кетуі және алаудағы газды жағу нәтижесінде экологиялық рұқсатсыз қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыру болып табылады. Осы жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорынға жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Мекемеге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында оның төрт қондырғысында эмиссия нормативтерінің жүйелі түрде, яғни 3 реттен асып кету фактісі орын алды. Нәтижесінде, әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа қарау үшін жолданды. Сотпен мекеменің 4 объектісіне берілген экологиялық рұқсаттың қолданысы тоқтатылды және 5,6 млн тенге көлемінде айыппұл салынды. Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жойды», - деді спикер https://ortcom.kz/kk/novosti/1670402527