ЕЭК кеңесінің отырысында ЕАЭО периметріндегі сауда жолдарын әртараптандыру мәселелері талқыланды

ЕЭК кеңесінің отырысында ЕАЭО периметріндегі сауда жолдарын әртараптандыру мәселелері талқыланды
23 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдер үшін маңызды бірқатар мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданды. Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.
Отырыстың күн тәртібіне мемлекеттік сатып алу, өзара сауда, техникалық, кедендік және салықтық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық бақылау, өнеркәсіп, энергетика, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық салаларын қозғайтын 60 мәселе енгізілді.
ЕАЭО периметріндегі сауда жолдарын әртараптандыруға бағытталған маңызды мәселелердің бірін Қазақстан тарапы көтерді. Бұл кеме қатынасы туралы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті құжаттарды қабылдау. Құжатқа 2019 жылы Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында қол қойылды. Кейін Келісім Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Ресей Федерациясында ратификацияланды. Кеме қатынасы туралы келісімнің Қазақстан флотының ашық теңізге шығуы үшін стратегиялық маңызы бар. Бүгінде Қара теңіздегі порттардан қазақстандық порттарға дейінгі жүктер Волга-Дон кеме қатынасы каналы арқылы транзитпен жеткізіледі. Кеме қатынасы туралы келісім Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша Ақтау және Құрық порттарының транзиттік әлеуетін ынталандыруға, сондай-ақ Ресей Федерациясының Ішкі су жолдарымен Қара және Жерорта теңіздерінің порттарына дейін жүктерді тасымалдауға қызмет етеді. Бұл Ресей Федерациясының ішкі су жолдарымен өтудің жеңілдетілген тәртібін қамтамасыз етеді. https://ortcom.kz/kk/novosti/1664121175