Ынталандыру шараларын ұсыну тәртібі қарсы міндеттемені қамтиды

Ынталандыру шараларын ұсыну тәртібі қарсы міндеттемені қамтиды
2021 жылғы 27 желтоқсанда «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданды, оның мақсаты - экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өнім өндірісін ұлғайтуды дамыту. Бұл сыртқы және ішкі факторлардың өзгеруіне дер кезінде ден қоюға және өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекеттік ынталандыру шараларын неғұрлым жедел көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ИИДМ комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов хабарлады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік ынталандыру шаралары қосылған құны жоғары өнім өндіретін өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында шоғырланған.
«Бұл үшін әдістеме бойынша арнайы тізбе әзірленді және ережелер өзгертілді. Министрлік орта және жоғары бөліністегі басым 4 мың тауардың, оның ішінде машина жасау өнімдерінің тізбесін әзірлеп, бекітті. Қазір қолдау шаралары тек осы тізімдегі өнім бойынша ғана көрсетіледі, сонымен бірге ынталандыру шараларын ұсыну тәртібі қарсы міндеттемені қамтиды. Егер бұрын ынталандыру шаралары, қандай да бір қолдау біржақты тәртіпте көрсетілсе, қазір Үкімет кәсіпорындарға қандай да бір, оның ішінде әлеуметтік талаптарды орындау бойынша қарсы міндеттемелер қойылып жатқанын нақты біледі. Бұл жалақы, қолдау, әлеуметтік жұмыс жүргізу, жоғары технологиялық өнімдер мен экспортқа ұмтылу. Сонымен қатар, биыл машина жасауды дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасы өзектендірілді», - деп жауап берді спикер.
Сондай-ақ жоба бойынша жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, қазақстандық қамту үлесін арттыру, экономикалық реттеуді ұстау, жетілдіруді және білікті кадрлармен қамтамасыз ету, жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістерді құру бойынша іс-шаралар көзделген.