Қазақстандағы 16 ірі кәсіпорында шығарындыларды 5 жыл ішінде азайту жоспарлануда

Қазақстандағы 16 ірі кәсіпорында шығарындыларды 5 жыл ішінде азайту жоспарлануда
Қазақстандағы 16 ірі кәсіпорында шығарындыларды 5 жыл ішінде азайту жоспарлануда
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Тақырып бойынша экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндама жасады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қолайлы өмір сүру ортасы мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Ұлттық жоба 4 бағытты, 11 міндетті, 19 көрсеткішті және 48 іс-шараны қамтиды.
2021 жылы ұлттық жобаны іске асыруға 89,3 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 27,6 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 15 млрд теңге және бюджеттен тыс 46,7 млрд теңге қаржы көзделген. Биыл ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыруға шамамен 161 млрд теңге жоспарланды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді. Жедел мәліметтерге сәйкес, осы жылдың І жартысында жоспарланған көрсеткіштер де орындалуда. Өнеркәсіп кәсіпорындары айналымдық сумен жабдықтау нашар енгізіліп, өнеркәсіп саласында таза су алу көлемі төмендеуінің бір көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ.
«Атмосфералық ауа сапасын жақсарту» шаралары шеңберінде 10 ірі қалада 5 жыл ішінде 16 ірі кәсіпорында шығарынды 20%-ға қысқарту көзделіп отыр. 2021 жылы 16 кәсіпорын атмосфералық ауаға 655 мың тонна ластаушы заттар шығарды, бұл 803,8 мың тонна лимит кезінде 2020 жылғы деңгейден 3%-ға төмен. Осы жылдың 6 айында кәсіпорындардың эмиссиялары 293,2 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,7%-ға төмен», — деді С. Брекешев.
Бұл көрсеткішке табиғаты қорғау іс-шараларымен қатар, өнеркәсіпті модернизациялау есебінен қол жеткізілді. Ол үшін кәсіпорындар өз қаржысынан 15,4 млрд теңге бөлді.