Аудан әкімі Е.Баяхметов Интернациональный ауылына жұмыс сапары аясында "Шыңғыс Хан" ЖШС алқаптарын аралап, егін жинау науқанына дайындық барысымен танысты

Аудан әкімі Е.Баяхметов Интернациональный ауылына жұмыс сапары аясында "Шыңғыс Хан" ЖШС алқаптарын аралап, егін жинау науқанына дайындық барысымен танысты

Аудан әкімі Е.Баяхметов Интернациональный ауылына жұмыс сапары аясында "Шыңғыс Хан" ЖШС алқаптарын аралап, егін жинау науқанына дайындық барысымен танысты.
Серіктестік директоры Қазымбек Ақмағамбет айтып өткендей, биылғы жылы жалпы жаздық егіс 23,5 мың га құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар, дәнді-бұршақты дақылдар - 14,6 мың га, майлы дақылдар - 7,6 мың га, оның ішінде күнбағыс – 3,353 мың га , мақсары – 3,556 мың га және майлы зығыр-642 га.
2021 жылы "Шыңғыс Хан" ЖШС мақсарыны өзінің егіс алқаптары құрылымына алғаш рет қосқан болатын, жинау нәтижелері көрсеткендей, бұл дақылға деген қажеттілік барлық күткен нәтижелерден асып түсті. 2022 жылы кәсіпорын мақсары егісін бірнеше есеге арттырды.
Мақсары- өнімділігі климаттық жағдайларға байланысты егіншілік жағдайында өсіру үшін қолайлы майлы дақылдардың бірі, оның биологиясы біздің аймақтың дала аймағының құрғақ жағдайларына толық сәйкес келеді.