ҚР ЕХӘҚМ: 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 117,5 мың теңгені құрады

ҚР ЕХӘҚМ: 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 117,5 мың теңгені құрады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҮЕҰ және ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен, әйелдермен, оның ішінде көпбалалы аналармен және зейнеткерлермен кездесу өткізді. ЕХӘҚМ басшысы балалы отбасыларды және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып, сондай-ақ әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодексте қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жақсартудың жаңа тәсілдері туралы хабардар етті.
Кездесу барысында министр тәуелсіздік жылдары Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қолдаудың кешенді жүйесі құрылғанын, оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар мен өмірдің барлық кезеңдерінде салық салу кезіндегі жеңілдіктерді қамтитынын атап өтті.
«2021 жылы мемлекеттік бюджеттен 4,9 млн азаматқа зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге шамамен 4 трлн теңге бөлінді. Бұл бүкіл ел бюджетінің төрттен бір бөлігін құрады.
2021 жылы Атырау облысы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 193,5 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 29,3 %-ын құрап, төлемдердің жалпы сомасы 125,6 млрд теңгені құрады.
Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері жыл сайын артып келеді. Биыл 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 5% - ға, ынтымақты зейнетақы 7% - ға индекстелді. 1 сәуірден бастап инфляция дәлізін қайта қарауға байланысты барлық зейнетақылар мен жәрдемақылар қосымша 4%-ға индекстелді», – деді Тамара Дүйсенова. https://ortcom.kz/kk/novosti/1658296924