9 ұлттық жоба аясында 15,4 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда

9 ұлттық жоба аясында 15,4 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда
Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,1%-ға артты. ШОБ өнімінің жылдық шығарылымы 2 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
«ШОБ секторы облыс бойынша жұмыс орындарының 40%-ға жуығын береді, осылайша өңір тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша маңызды әлеуметтік міндетті орындайды. Биыл 9 ұлттық жоба аясында 15,4 мың жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз, оның ішінде 3,9 мың тұрақты, 11,5 мың уақытша. Бүгінгі таңда 5700 жұмыс орны құрылды, оның 1800-і тұрақты. Жұмыссыздық 4,6% деңгейінде сақталуда, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа төмен. Қабылданып жатқан шаралар бұл көрсеткішті бұрынғы деңгейде сақтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.