ОРК мүгедек жандардың мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті

2022 жылғы 19 мамырда Орталық референдум комиссиясында мүгедек жандардың мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы офлайн және онлайн форматта оқыту семинарларының сериясын жалғастыруда. Бұл жолы, яғни 2022 жылғы 19 мамырда семинар қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне арналып, онда мүгедек жандардың мәселелері қаралды. Іс-шараға 150 адам қатысты.
Семинарды өткізудің мақсаты – референдумды ұйымдастырудың құқықтық негіздерін, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын, республикалық референдум алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізу тәртібін түсіндіру, БҰҰ мүгедек жандардың құқықтары туралы Конвенциясының негізгі қағидаттары туралы хабардар ету, сондай-ақ республикалық референдум өткізу кезінде мүгедек Қазақстан Республикасының мүгедек азаматтарының құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету мәселелерін талқылау болып табылады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1653024592