Дүниежүзілік сайлау күні

Дүниежүзілік сайлау күні

Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік сайлау күніне арналған «таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» тақырыбында Есіл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебінде 10-11 сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.

Жалпыға бірдей сайлау құқығы қағидаты жынысына, ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне, әлеуметтік тегіне және т.б. қарамастан белгілі бір жасқа жеткен Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік биліктің сайланбалы органына сайлауға және сайлануға құқығы бар екенін білдіреді. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы-республика азаматтарының 18 жасқа толғаннан кейін сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

Қазақстан Республикасындағы сайлау азаматтың мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарын сайлау және оларға сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда сайлау құқығының қағидаттары бекітілген.

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы