Бүгін аудан әкімі Е. Баяхметов азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында Свободный орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер қатынастары мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтар бойынша заңнамаға сәйкес түсініктемелер беріп, тиісті тапсырмалар берді.