Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!

Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын іске асыру, сондай-ақ пандемия кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында 2021 жылғы атқарған жұмыстары туралы ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері а.ж. 21-29 қаңтар аралығында бекітілген кестеге сәйкес онлайн режимде аудан әкімдігінің @esil_audanynyn_akimdigi парақшасында өткізіледі.
Онлайн кездесулерді өткізу уақыты мен орны туралы анонс алдын ала жарияланатын болады. Егер сізде қандай да бір сұрақтарыңыз, тілектеріңіз немесе проблемаларыңыз болса, ауылдық әкімдіктер ғимараттарындағы арнайы жәшіктерге жазбаша түрде жібере аласыз, телефон нөмірлері бойынша қоңырау шала аласыз немесе 8-705-659-57-58 нөмірі бойынша whatsapp-қа хабарлама жаза аласыз.