"Сiзден уақытты ысырап етпей, қолда бар вакцинамен вакцинациялауды сұраймын, өйткенi вакцинацияланғандардың коронавирустық инфекцияны жеңiлдететiнi бiрнеше рет дәлелденген. Олар ауыр науқастардың қатарында емес. Асқынулардың алдын алу және реанимация бөлiмiне түспеу үшiн екпе алу қажет", — деп атап өттi бас дәрiгер Е.Жаркенов.
Денсаулық сақтау мәлiметтерiне сәйкес, "омикрон" коронавирусының жаңа штампы бүкiл әлемде тез таралуда және әлемнiң 126 елiнде, тiптi ұжымдық иммунитеттiң жоғары деңгейi тiркелген елдерде де анықталды. Жаңа штамптан толық қорғау үшiн вакцинацияның толық курсы қажет. Ревакцинация да ұсынылады.