Қысқы демалыс күндерi Есiл қ. "Атамекен" үйiрмесiнiң тәрбиеленушiлерi "Жаңа жылдық экспресс достарды бiрiктiредi" атты облыстық онлайн конкурсына қатысты. Конкурсты ұйымдастырушылар "Аршалы ауданы бойынша бiлiм бөлiмiнiң Аршалы кентiнiң балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылық орталығы" КММ және Ақмола облысының бiлiм басқармасы. Байқаудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: "Рухани Жаңғыру"жобасы аясында оқушылардың өлкетану жұмысының нысандары мен әдiстерiн меңгеру дағдыларын жетiлдiру. Бұл конкурстың жаңалығы мен маңыздылығы МДҰ жұмысында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдаланудың жаңа әдiстерi мен нысандарын iздестiру болып табылады. Iс-шараға Ақмола облысының 6 ауданы қатысты. Нәтижесiнде Есiл обо атынан Пшембаев Амира 1-шi орынға ие болды.