Семинарға қатысушылардың, ауылдық жерлердегi медицина қызметкерлерiнiң назарына бүкiл әлемдегi, көршiлес елдердегi және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыз болжамдары туралы ақпарат жеткiзiлдi.
Вирустың мутациясына, жаңа штаммдардың пайда болуына байланысты қорғанысты күшейту, спецификалық иммунитеттi арттыру шараларын қолдану керек. Ол үшiн ревакцинация қажет.
Ревакцинация-бұл вакцинаның екi компонентiнен кейiн алынатын қосымша доза.
Қазақстан аумағында 3 ай немесе одан да көп уақыт тұратын, КВИ-ға қарсы бастапқы вакцинациялаудың толық аяқталған курсын алған шетелдiк азаматтарды қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ға қарсы ревакцинацияға жатады. Covid-19-ға қарсы ревакцинация, алғашқы вакцинация курсы толық аяқталған күннен бастап алты айдан кейiн бiр рет жүргiзiледi.