Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Есіл қаласының аудандық мәдениет үйінде "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында Аудандық мәслихат хатшысы С.Ағымбаева, аудан әкімінің орынбасары Н.Саматов, аудан әкімінің орынбасары А. Мақсұмхан , прокурор орынбасары Ғ. Кушенов, Есіл АПБ бастығының міндетін атқарушы С.Иваненко, Есіл қаласының әкімі Г. Айтмұхамбетов және аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың, коммуналдық қызметтердің басшылары қатысуымен азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті. Өтініш білдірген азаматтардың барлық мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.