2021 жылғы 12 қазанда Есіл ауданының әкімі Е. Баяхметов жұмыс сапары аясында Заречное ауылының әлеуметтік-өнеркәсіптік нысандарын аралады.

Есіл ауданының әкімі Е.Баяхметов Арипов Уәлихан Сапиұлы басқаратын "Заречное" ЖШС жұмысымен танысты.  Уәлихан Сапиұлы ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарын ең ірі тауар өндірушілерінің бірі болып табылады, сондай-ақ дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер тұқымдары мен ірі дақылдар өндіру бойынша элиталық тұқым өсіру шаруашылығы мәртебесіне ие. Жыл сайын "Заречный" ЖШС-да астық өнімділігі аудандық көрсеткіштерден асып түседі.Озық технологиялар мен  барлық агротехникалық шараларды сақтау арқасында, техникалық жарақтандыру және тұқымның жоғары сапасын қолдана отырып табысқа қол жеткізіледі. "Заречный" ЖШС алқаптарында ауданы 2 гектар сорттық -участік бар, онда жыл сайын түрлі дақылдардың 100-ге жуық түрі сынақтан өткізіледі. Үнемі дәнді дақылдардың жаңа сорттарын шығарумен және сынаумен айналысатын ғылым бөлімі құрылған. Бұдан кейін ІҚМ бордақылау алаңына, мал сою цехына, балабақшаға, Заречный ауылының орта мектебіне және ауылдық мәдениет үйіне бардым. Айта кететін жайт, білім және мәдениет нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кездесу соңында жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесу өткізіп, оның барысында Заречное ауылының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және Ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды.