Грэпплингтен Аrlan Grip Championship Kuz Open республикалық турнирі .
1-2 қазанда Алматы қаласында грэпплингтен республикалық Аrlan Grip Championship Kuz Open турнирі өтті , осы жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 813 қатысушы қатысты, оның ішінде Есіл ауданының спортшыларыи бар.
@еsil_top_team және @znamenka_top_team тәрбиеленушілері жарыстарға қатысып қана қоймай, 11 жүлделі орынға ие болды. Көптеген балалар үшін бұл алғашқы жарыстар болды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Знаменка ауылында балаларға арналған @znamenka_top_team джиу-джитсудан спорттың алғашқы филиалы ашылды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Үлкен жетістіктер мен марапаттар тілейміз