Жұмыс сапарымен Есіл ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Зекенұлы Әділбеков келді.

Сенатор жұмыс сапары барысында "Раздольное-Свободное-Есіл"автожолының көпір құрылысының барысын көрді.

Бұдан әрі Дәурен Зекенұлы Бузулук ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімі Искаков Абай Кокешевичпен кездесіп, "Агро-Олдиви"ЖШС-нің егіс жағдайымен танысты.

Ауылдық округ әкімі Абай Кокешевичпен кездесу барысында Сенат депутаты жергілікті қоғамдастықтың қаржы мәселелерін шешуге назар аударды, бұл өз кезегінде жергілікті маңызы бар мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Бузулук-Алматы автожолындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан сенатор: "тұрғындар маған осы автожол учаскесі бойынша жүгінді, сондықтан автожолдарды басқару мен мердігерлік ұйым жұмыстарды заңды мерзімде аяқтауы, сондай-ақ халықтық бақылауды жүзеге асыруы маңызды деп санаймын", - деп атап өтті.