Есіл ауданының ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау

Есіл ауданының ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде елімізде алғаш рет ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Ақмола облысында 95 әкім, оның ішінде Есіл ауданында 8 әкім ауыса алады. Біздің өңірде сайлау Красногорский кентінде, Ақсай, Знаменка, Московский ауылдарында және Бұзылық, Заречный, Красивинский, Қаракөл ауылдық округтерінде өтеді.

2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де әкімдікке кандидаттарды ұсыну аяқталды. Барлығы 24 кандидат, оның ішінде «Nur Оtan» партиясынан 4 кандидат, 20 өзін-өзі ұсынған кандидат ұсынылды.

14 шілдеде әкімдікке кандидаттарды тіркеу аяқталды. Барлығы 24 кандидат, оның ішінде «Nur Оtan»партиясынан 4 кандидат тіркелді.

2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін және 2021 жылғы 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ге дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталады. Жергілікті атқарушы органдар кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар береді. Үй-жай беру шарттары барлық кандидаттар үшін бірдей және тең болуға тиіс. Сондай-ақ, үгіттік және баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталды. Кандидаттар үгіт материалдарын тиісті объект иесінің рұқсатымен өзге де жерлерде іліп қоюға құқылы. Сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде баспа материалдарын, оның ішінде иллюстрациялық материалдарды, сондай-ақ сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген белгішелерді, жалауларды, жалаушаларды тегін таратуға жол берілетінін есте ұстаған жөн. Таңдаушыларға тегін тауарлар, қызметтер, бағалы қағаздар ұсыну, сондай-ақ ақша төлеу арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіле отырып, барлық тіркелген кандидаттар және «барлығына қарсы» деген жол енгізіледі.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Құрметті Красногорский кентінің, Ақсай, Знаменка, Московский ауылдарының және Бұзылық, Красивинский, Қаракөл, Заречный ауылдық округтерінің тұрғындары, сіздерді алдағы сайлауға белсенді қатысуға және 2021 жылғы 25 шілдеде дауыс беру күні өз еркіңізді білдіруге шақырамыз.