ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63- 3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

 Конкурсты өткізу кезеңі: 2021 жылдың маусым-қазан айлары.

Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтарда әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.

Конкурсқа құжаттар аудан/қала әкімдердің аппаратарымен 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

 Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің және Ақмола облысы әкімі аппаратының ресми сайттарында орналастырылған (Әдістемелік ұсыным сілтемесі).

Конкурс құжаттарын esil_sup@aqmola.gov.kz  эл. поштасына жолдаңыз. Сұрақтар туындаған жағдайда 21-4-82 телефондар нөмірлеріне хабарласуға болады.