Есіл ауданының әкімі С. Балжановтың Қазақстан полициясы күнімен құттықтауы

Есіл ауданының әкімі С. Балжановтың Қазақстан полициясы күнімен құттықтауы

Құрметті Есіл ауданының ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді Қазақстан Республикасының полициясы күнімен құттықтаймын.
Бұл мереке әділдікті, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қорғауды өз өмірінің басты ісі ретінде таңдаған рухы мықты, батыл және ержүрек адамдардың көптеген ұрпақтарының тағдырымен ұштасқан. Сондықтан қоғамдағы тәртіп пен қала тұрғындарының өз қауіпсіздігіне деген сенімі Сіздерге және сіздердің жанкешті іс әрекеттеріңізге байланысты.
Өмір сүрген жылдарын маңызды  игілікті мақсатқа арнаған құқық қорғау органдарының ардагерлерін ерекше атап өткім келеді. Қызметте  жақсы дәстүрлерді жалғастыра отырып, сіз жас ұрпаққа баға жетпес тәжірибе бересіз, ол жүктелген абыройын лайықты қорғай отырып, заң мен құқықтық тәртіптің мүдделеріне адал қызмет етеді.
Ішкі істер органдарының барлық қызметкерлері мен ардагерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне зор денсаулық, бақыт және кәсіби табыс тілеймін!

Есіл ауданының әкімі С.Балжанов