Аудандық мәдениет үйі алғашқылардың бірі болып, «Ashyq» мобильдік қосымшасына қосылып отыр. Әлемді жайлаған індет өнер ошағының жұмысына да әсер етті. Карантиндік шектеулердің салдарынан нысанның жұмыс кестесі шектеліп, мерекелік шаралар азайған еді. Енді міне, «Ashyq» мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс қайта жанданбақ. Ең бастысы, келушілер үшін бұл қауіпсіз болмақ.
«Ashyq» жобасымен жұмыс істеп жатқан нысанда санитарлық талаптар сақталған. Мәдениет үйінің кіреберісіне QR код жүйесі орнатылған. Келушілердің осы арқылы статусы анықталады. Яғни азаматтың жеке куәлігіндегі жеке сәйкестендіру нөмірін тексеру арқылы оның мәртебесін анықтай алады.