30 сәуір - бүкіл республика бойынша “Бірге - Таза Қазақстан” акциясы өтіп жатыр. Аталған шара ағаш отырғызу мен көпшілік демалатын орындарды тазартуға бағытталып отыр.
Игі шараға “Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің” ұжымы мен Жастар ресурстық орталығының жастары да атсалысты. Табиғат-анаға қамқорлық көрсеткен акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Басты мақсат - осы игі іске азаматтарды тартып, экологиялық мәдениет қалыптастыру.