1 мамырда Есіл қаласында Орталық алаңда КВИ-ға қарсы жылжымалы вакцинация пункті ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Есіл ауданына 1000 вакцина келіп түсті. "Азаматтарды вакцинациялау бойынша осындай жұмысты ұйымдастыру жақсы тәжірибе көрсетіп отыр, осылайша халықты қамту артып келеді. Егер алғашқы кезде тұрғындар вакцинациядан сақ болса, қазір олар қатарларын белсенді түрде толықтыруда. Қазір қала тұрғындары бізге вакцинациядан өту ниетімен жүгінеді. Бұл бізді қуантады, өйткені халықты вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және туған - туыстарыңызды және айналаңыздағы адамдарды қорғауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Есіл ауданының бас дәрігері Д.Сибанбаев.