«Қолжетімділік әкімдіктер» — ашықтық пен қолжетімділік кепілі.

«Қолжетімділік әкімдіктер» — ашықтық пен қолжетімділік кепілі.

«Қолжетімділік әкімдіктер» — ашықтық пен қолжетімділік кепілі.

 Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Есіл ауданына жұмыс сапарымен келді.  Сапар барысында Олжас Бектенов Есіл ауданының «Қолжетімділік әкімдіктерінде» болды.

 

 «Қолжетімділік әкімдігі» - азаматтарға ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қызметтерді ұсынады.  Сондай-ақ, орталықта мемлекеттік қызметтің 16 түрі көрсетіледі.  Келушілердің түрлі анықтамаларды өз бетінше алуы үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

 

Жалпы, сервистік әкімдік қызметтің кедергісіз, ашық болуын көздейді. Сонымен қатар, ішкі процестердің әуре-сарсаңсыз өтуін қамтамасыз етеді. Мұнда мемлекеттік қызметтерді алу, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға барлық қажетті жағдайлар жасалған.

 

 Ашық әкімдік алаңында Олжас Бектенов жер телімін алу процедурасын жеңілдету, жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу, мемлекеттік қызметшілердің тұрғын үй алуы үшін жаңа бағдарламалар енгізу сияқты мәселелер бойынша жүгінген аудан тұрғындар қабылдады.  Қабылдау барысында барлық өтініш білдіргендерге толық түсініктеме берілді.

 

 Сапар барысында Олжас Бектенов Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты.  Орталық ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 422 мемлекеттік қызмет көрсетіп, 234 адам жұмыспен қамтылған.