Құрметті Есіл ауданының тұрғындары, мұсылман қауым!

Құрметті Есіл ауданының тұрғындары,  мұсылман қауым!

Құрметті Есіл ауданының тұрғындары,  мұсылман қауым!

Сіздерді барша мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін!
Он екі айдың сұлтаны – рамазан құтты, берекелі болсын! Қасиетті айда жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта бергей! Тәуелсіздігіміз әрқашан баянды болғай!
Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізуге тура келіп отыр. Қатерлі індетті барынша сақтану арқылы ғана жеңе алатынымызға көзіміз жетті.
Осы ретте, сіздерді ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға, отбасында болуға шақырамын.
Денсаулық ең басты құндылығымыз екенін ұмытпайық!
Халқымыз қазіргі күрделі кезеңнен аман-есен өтіп, еліміз бейбіт, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін!

Есіл ауданының әкімі С. Балжанов