Үздік газ-түтіннен қорғаушы!

Үздік газ-түтіннен қорғаушы!

Үздік газ-түтіннен қорғаушы!

Әр жыл бойы Есіл қаласының №23 өрт сөндіру бөлімінің жыл намасы ерлік пен құтқару оқиғаларымен, батырлық пен ерлік көрсеткен заманауи батырлардың жаңа есімдері мен толығады.
Ақмола облысында газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік шеберлерінің бірі - Қабыкен Байсалбаев.
"Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі Есіл қаласының 23 өрт сөндіру бөлімінің газ-түтіннен қорғау қызметінің шеберіні міндетін атқарушы азаматтық қорғау прапорщигі Қабыкен Байсалбаев өрт сөндіру күзетінде жұмысын 2000 жылы бастады. Қызметін өрт сөндіруші және бөлімше командирі лауазымында өтті.
Қабыкен өз жұмысында тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын жөндеу және дезинфекциялауды жүзеге асырады, ауа баллондарын сынауды жүргізеді.  Бақылау-өлшеу құрылғыларына техникалық куәландыруын жүргізеді. Компрессорлық қондырғыларға профилактикалық тексеру жүргізеді.
Қабыкен Байсалбаев өзінің еңбегі үшін басшылықпен бірнеше рет көтермеленді. «Құтқарушы» III дәрежелі төс белгісімен марапатталған.