Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегін қарау

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегін қарау

«Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған Ақмола облысы Есіл ауданының құрметті азаматтары:

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша СБӨ енгізуіне байланысты Egov.kz  порталындағы Сервистер бөлімінде өздігімен келесі бөлімдерді қарай аласыз:

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезектің нөмірін қарау - https://egov.kz/services/P18.POSITION/;
  2. кезекте тұрғандардың тізімін және тұрғын үй алғандардың тізімін қарау- https://egov.kz/services/P18.SERVICE/.