Сайлаушыға ақпарат
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанынан бастап азаматтарға тиісті учаскелік сайлау комиссияларындағы сайлаушылар тізімдерімен танысуға, сондай-ақ оларға енгізілген сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік берілді.
Азаматты нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оны осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеу қажет.
Сіз сайлаушылар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегені, дұрыс енгізілмегені немесе тізімнен шығарылып тасталғаны туралы, сондай-ақ тізімде жіберілген сіз туралы деректердегі дәлсіздіктерді шағым жасауға құқылысыз.
Тізімдердегі түзетулердің қажеттігі туралы арыздарды учаскелік сайлау комиссиясы арыз келіп түскен күні қарайды.
Сіз өзіңізді сайлаушылар тізімінен және сайлау учаскеңізден таба аласыз сілтеме http://izbirateli.akmo.kz/?lang=ru
Сіз тұратын жеріңізді ауыстырған кезде Сіз тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгінесіз, онда учаскелік сайлау комиссиясы төлқұжатын немесе жеке куәлігін көрсеткен кезде Сізге дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін береді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Есептен шығару куәліктерін беру 9 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де тоқтатылады.
Дауыс беру күні дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы сізді болатын жеріңіздегі сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Сайлау күні
Дауыс беру сайлау күні, сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жайда жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден жиырма сағатқа дейін өткізіледі.
Сайлаушы жеке өзі дауыс береді. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдар үшін дауыс беруге жол берілмейді.
Дауыс беруге арналған бюллетеньдер Сізге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін көрсеткен кезде сайлаушылар тізімі негізінде беріледі. Сіз сайлаушылар тізіміне бюллетеньдерді алғандығы туралы қол қойдыңыз.
Сайлау бюллетеньдерін сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. Оларды толтырған кезде сізден басқа біреудің болуына тыйым салынады.
Егер сіз бюллетеньдерді өз бетіңізше толтыруға мүмкіндігіңіз болмаса, онда сіз сенім білдірген адамның көмегін пайдалануға құқығыңыз бар және дауыс бергеннен кейін Тегі бюллетень алғандығы туралы сіздің қолыңыздың қасындағы сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Бірақ бұл тұлға бола алмайды:
* сайлау комиссиясының мүшесі;
* жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды тұлғасы;
* кандидаттың немесе саяси партияның сенімді өкілі;
* журналист-бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі;
* тиісті сайлау комиссиясында тіркелген бақылаушы.
Үйде дауыс беру
Егер сіз дауыс беруге келе алмасаңыз:
* денсаулық жағдайы бойынша;
* отбасының науқас мүшесіне күтім жасау себебі бойынша;
* егер сіз сайлау учаскелері құрылмаған шалғай және жету қиын аудандарда болсаңыз,
Сіз учаскелік сайлау комиссиясына өзіңіз тұрған жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтініш жасауға құқылысыз.
Учаскелік сайлау комиссиясы сіздің келген жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастыруы тиіс.
Сайлау туралы ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады?
Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты сізді қызықтыратын барлық мәселелер бойынша сіз аумақтық немесе учаскелік сайлау комиссияларына жүгіне аласыз. Егер сіз сайлау туралы заңнама бұзылған деп санасаңыз, бұзушылық жасалған күннен бастап он күн ішінде жоғары тұрған сайлау комиссияларына, сотқа немесе прокуратура органдарына жүгіне аласыз.