Nur Otan " партиясы Ақмола өңірлік филиалының кезектен тыс XXXIII конференциясы»

Nur Otan " партиясы Ақмола өңірлік филиалының кезектен тыс XXXIII конференциясы»

17 қарашада Көкшетау қаласында «Nur Otan» партиясы Ақмола өңірлік филиалының кезектен тыс XXXIII конференциясы өтті, ол партияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді. Конференция барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Аудандық филиалдардан сайланған делегаттар қатысты. Конференцияны Ақмола өңірлік филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев ашып, жүргізді .

Конференцияда «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы бекітілді.

Конференция барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар арасында пікірталас өтті. Осыдан кейін арнайы дайындалған кабинкаларда партиялық тізімге үміткерлер үшін онлайн режимінде жасырын дауыс беру ұйымдастырылды. Соңында «Nur Otan» партиясы Ақмола өңірлік филиалынан облыстық мәслихатқа депутаттарды сайлау бойынша партиялық тізім бекітілді. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.