
Ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілері арасында «ОТАН» облыстық спартакиадасы өтті.
Үш ай бойы облыстың түкпір-түкпірінен келген командалар спорттың тоғыз түрі бойынша бақ сынасты: 3×3 баскетбол, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, жүзу, қазақ күресі және арқан тарту.
Есіл ауданының құрамасы жарыстың барлық кезеңінде аудан намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты, қайсарлық пен нағыз командалық рухты көрсетті.
Жалпыкомандалық есептің қорытындысы бойынша Есіл ауданының құрамасы тарихта алғаш рет Ақмола облысының ең мықты үш командасының қатарына еніп, «ОТАН» облыстық спартакиадасының қола жүлдегері атанды! 🥉
Спортшыларымызды осы тарихи жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістерге, биік белестер мен толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!