
Көкшетау қаласында өткен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шарада Есіл ауданының меценаты, көпбалалы ана, «Маншук» шаруа қожалығының жетекшісі Адилбекова Шайза Ануарбекқызы Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ол ауданның әлеуметтік саласының дамуына елеулі үлес қосып, қайырымдылық қызметті белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
Адилбекова Шайза Ануарбекқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да игі істеріңізге табыс, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз!