Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті

⚜️Есіл ауданы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша марапаттар республикалық референдумды даярлау және өткізу жұмыстарына елеулі үлес қосқан, жоғары кәсібилік, жауапкершілік және іске адалдық танытқан қызметкерлерге табысталды.

Алғыс хаттармен марапатталғандар:
🔹 Роман Гордя
🔹 Асхат Баягизов
🔹 Асемгүл Елеусізова
🔹 Алмагүл Алпыспаева

Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов марапат иелерін құттықтап, адал еңбектері үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру жолында кәсібилік, бірлік пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.