99265 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс әскери қызметшілеріне Алғыс хаттар табыстау рәсімі өтті

99265 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс әскери қызметшілеріне Алғыс хаттар табыстау рәсімі өтті

 Бүгін Көкшетау қаласынан келіп, аудан аумағында өткен су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысқан 99265 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс әскери қызметшілеріне Алғыс хаттар табыстау рәсімі өтті.


Есіл ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімінің орынбасары Ерлан Сыздықпаев әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттарды табыстады. Олардың жауапкершілігін, тәртібін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы елеулі үлесін атап өтті.

Әскери қызметшілер Двуречное, Курское және Московское ауылдарында маңызды алдын алу жұмыстарын жүргізді. Елді мекендерде қорғаныс құрылыстарын нығайту, қаптарды төсеу және су басу қаупінің алдын алу шаралары жүзеге асырылды.

Есіл ауданы көрсеткен кәсібилігі мен адал қызметі үшін шынайы алғысын білдіреді. Сіздерге зор денсаулық, амандық және алдағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!