92026 жылғы 9 сәуірде Есіл ауданы әкімінің аппаратында Есіл контррегуляторы құрылысының перспективалары талқыланған кеңес өтті.

92026 жылғы 9 сәуірде Есіл ауданы әкімінің аппаратында Есіл контррегуляторы құрылысының перспективалары талқыланған кеңес өтті.

Кеңес Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның төрағалығымен, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың, Азия даму банкінің, сондай-ақ облыстық құрылымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Құрылысы 2027–2028 жылдарға жоспарланған нысан Есіл және Жарқайың аудандарының аумақтарында орналасады. Жоба кешенді мақсаттарды көздейді: тасқын кезіндегі шекті жүктемені екі есеге азайту, сондай-ақ Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.