
Жұмыс сапарына Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов, Азия даму банкінің өкілдері, Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов, сондай-ақ облыстық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Сапар барысында қатысушылар ауыл аумағындағы жағдаймен, жер бедерінің ерекшеліктерімен және су басу қаупі бар учаскелермен танысты. Жобаны одан әрі іске асыру мәселелері, сондай-ақ оның су ресурстарын реттеудегі маңызы талқыланды.