
Жарысқа Есіл ауданының ауылдық округтері мен елді мекендерінен 14 команда қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спорттық шеберлігін, командалық бірлігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Тартысты әрі тартымды өткен ойындардың қорытындысы бойынша спартакиаданың финалдық кезеңіне келесі командалар жолдама алды:
🏀 Ақсай
🏀 Красивое
🏀 Свободное
🏀 Юбилейное
Жарыстар салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және аудан тұрғындары арасындағы спорттық рухты нығайтуға зор үлес қосты.
Финалдық кезеңге жолдама алған командаларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!