Есіл қаласындағы Агротехникалық колледж алаңында «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша WorldSkills «Aqmola-2026» өңірлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті

Есіл қаласындағы Агротехникалық колледж алаңында «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша WorldSkills «Aqmola-2026» өңірлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті

      Есіл қаласындағы Агротехникалық колледж алаңында «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша WorldSkills «Aqmola-2026» өңірлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. Аталған іс-шараға Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Есіл аудандық филиалы қазылар алқасының құрамында қатысты.
Іс-шараға «Есеп және аудит» мамандығының 2–3 курс студенттері қатысып, өздерінің бизнес-жобаларын қорғады.    Қатысушылар тың идеяларын ұсынып, кәсіпкерлік қызметті жүргізудегі практикалық дағдыларын көрсетті.


Қазылар алқасының мүшелері студенттердің дайындық деңгейінің жоғары екенін, олардың бастамашылдығын, креативті ойлау қабілетін және өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға деген ұмтылысын атап өтті.


      Кәсіпкерлер палатасы осындай іс-шараларға белсенді түрде қатысып, жастар арасындағы кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді. Мұндай байқаулар жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып, студенттердің өз әлеуетін ашуына және бизнес саласында алғашқы сенімді қадамдарын жасауына мүмкіндік береді.


     Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын — Дмитрий Мочкаровский, инновациялық компьютерлік сервис «NeonPC»
2 орын — Екатерина Гарсия-Эсбри, «Менестрель» иммерсивті театры жобасы
3 орын — Дерр Диана, «Асыл Мұра: дәстүрді сақтай отырып, болашақты қалыптастырамыз» жобасы.
Алдағы уақытта қатысушыларды Степногорск қаласында өтетін облыстық кезеңнің екінші туры күтіп тұр.
      Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенділігі, бастамашылдығы мен дамуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз. Алған тәжірибе олардың кәсіпкерлік саласындағы кәсіби қалыптасу жолындағы маңызды кезең болатынына сенімдіміз.
#АқмолаоблысыКәсіпкерлерПалатасы