Аудан әкімі көп балалы ананы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Аудан әкімі көп балалы ананы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Бұл күні аудан әкімі жеті бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Блок Лидия Николаевнаны Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Отбасы институтын нығайтуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін ол "Алтын алқа"мемлекеттік наградасына ие болды. Бұл жоғары марапат оның ана еңбегін, балаларға деген шексіз сүйіспеншілігін, отбасына деген қамқорлығын және отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайтудағы аналардың маңызды рөлін мойындау болып табылады.

Аудан әкімі Лидия Николаевнаға өзінің өмірлік үлгісі үшін шын жүректен алғысын білдіріп, үлкен және тату отбасына зор денсаулық, амандық пен бақыт тіледі.