
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты рәсімде Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы өңірдің аграрлық саласының үздік мамандарын атап өтіп, еңбек сіңірген марапаттарын табыс етті. Есіл ауданының өкілдері де жоғары марапаттарға ие болды.
Борисова Елена Николаевна «Заречный» ЖШС Астық тазалау тоғының меңгерушісі «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Риянов Денис Данирович «Ново-Приречное» ЖШС тракторшы-машинисті «Еңбек адамы» номинациясы бойынша 1 000 000 теңге ақшалай сыйлыққа сертификат және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Белогуров Николай Викторович «Еңбек адамы» номинациясы бойынша «Қаракөл АФ» ЖШС агрономы ақшалай сыйлық алды 1 000 000 теңге көлемінде және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Біз ауданымыздың мамандарымен мақтанамыз! Олардың кәсібилігі мен саланың дамуына қосқан үлесі өңірдің ауыл шаруашылығын нығайтуға ықпал етеді.