
2025 жылғы 22 қарашада Есіл ауданында футзалдан ашық турнир өтті.
Бұл өңірдің ең мықты құрамаларын біріктірген ауқымды спорттық іс - шара.
Алаңда Арқалықтан Атбасарға, Қарасудан Жақсыға дейін әртүрлі аудандар мен қалалардан 12 құрама кездесті. Әр матч қызу сәттерге және нағыз спорттық күреске толы болды.
Турнир қорытындысы бойынша:
Бірінші орын - Есіл қаласының құрамасы.
Екінші орын - Жақсы құрамасы, Жақсы ауданы.
Үшінші орын - Ақсай құрамасы, Есіл ауданы.
Турнирдің үздік ойыншыларына ерекше назар аударылып, оларға келесі номинациялар берілді:
Үздік қақпашы-Сапабек Әлихан, Есіл құрамасы.
Үздік қорғаушы-Аханбаев Қанат, Жақсы құрамасы.
Турнирдің үздік ойыншысы - Кенжалин Рахат, Ақсай құрамасы.