Есіл ауданының әкімі Знаменка ауылының, Заречный ауылдық округінің, сондай-ақ Бұзылық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Есіл ауданының әкімі Знаменка ауылының, Заречный ауылдық округінің, сондай-ақ Бұзылық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

2025 жылғы 12 қарашада Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Знаменка ауылының, Заречный ауылдық округінің, сондай-ақ Бұзылық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында аудан әкімі атқарылған жұмыстар мен Есіл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары туралы айтып, іске асырылған жобаларды атап өтіп, алдағы кезеңге арналған жоспарларды ұсынды.


Ауыл тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық салаға, абаттандыруға, жолдардың жай-күйіне және әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты бірқатар өзекті сұрақтар қойды. Азаматтардың барлық мәселелері бойынша әкім қолданыстағы заңнама сәйкес түсініктеме беріп, жауапты басшыларға мәселелерді бақылауға алуды және оларды шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.