
2025 жылғы 11 қарашада Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Ақсай ауылы мен Двуречный ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысы және аудан аумағындағы жұмыстардың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері қаралды.