«Халық заңгері» республикалық акциясы Есіл ауданында өтті

«Халық заңгері» республикалық акциясы Есіл ауданында өтті

2025 жылғы  31 қазанда Есіл қаласының аудандық мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Іс-шара барысында аудан тұрғындары еңбек, зейнетақы, азаматтық және қылмыстық құқық, сондай-ақ мүлікті бөлу мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес алды.

Мұндай акциялар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білікті заңгерлік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.