«Кең-Дала 2» бағдарламасы аясында берілген несие қаражатын қайтару мәселелері бойынша отырыс өтті

«Кең-Дала 2» бағдарламасы аясында берілген несие қаражатын қайтару мәселелері бойынша отырыс өтті

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Серікбай Құсаиновтың қатысуымен отырыс өткізді.

Кездесу барысында 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі орақ жұмыстарына арналған «Кең-Дала 2» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілген несие қаражатын қайтару мәселелері қаралды.

Сондай-ақ бағдарлама іске асырылуы мен ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен өзара іс-қимылға қатысты ағымдағы мәселелер талқыланды