Ақмола облысының әкімі Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті.

Ақмола облысының әкімі Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті.

Заречное ауылында өткен «сұрақ-жауап» форматындағы кездесуде Марат Ахметжанов ауданның даму жоспарларымен бөлісті.

🌾 Ауыл шаруашылығы – басты басымдық. Егіс алқабы – 486,6 мың га (облыста 3-орын). Майлы дақылдар көлемі 2 есе артты – 45 мың га. Биыл рекордтық өнім күтілуде – 7 млн тонна астық.

💰 Инвестициялар: ауданға 1,7 млрд теңгеге 6 жоба іске асырылуда. Жаңа құрама жем зауыты, майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты және 100 мың т астыққа арналған элеватор салынады.

🏡 Әлеуметтік сала: ескі үйлерді жаңғырту бағдарламасы, Игілік, Знаменка және Красивое ауылдарындағы су құбырларын қайта жаңарту.

📌 Әкім атап өткендей, инвестициялар мен жергілікті салықтар енді аудан бюджетінің негізгі көзіне айналады.