Ақмола облысының әкімі «Органико» кәсіпорнына барды

Ақмола облысының әкімі  «Органико» кәсіпорнына барды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында Есіл ауданындағы «Органико» кәсіпорнына барып, өндіріс барысымен және шаруашылықтың жаңа жобаларымен танысты.

Өңір басшысы компания жүзеге асырып жатқан әртараптандыру стратегиясы аясында егістік алқаптарын аралап көрді. Монодақылдан бас тартқан кәсіпорын майлы дақылдар мен көкөніс шаруашылығына басымдық беріп отыр. Биыл 80 гектар жерге сәбіз, 100 гектардан астам жерге картоп егілді. Орташа өнімділік гектарына 80 тоннаға дейін жетеді. Негізгі өткізу нарығы – SMALL супермаркеттер желісі.

Өңір басшысы биылғы өнім көлемі былтырғыдан жоғары екенін және ақмолалық өнімге сұраныс зор екенін айтты.