Ақмола облысы Есіл аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес, Есіл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 13 тамызға тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Есіл аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Есіл инфо» газетінде жариялансын.
Ақмола облысы Есіл аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
05 июля 2023